"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "44859 әскери бөлімі" және "21742 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміндегі босатылатын оқ-дәрілерді кәдеге жаратудың ұтқыр кешендері (бұдан әрі - мүлік) "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |