Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 417 қаулысы.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 417 қаулысымен
бекітілген

Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) 1. Жалпы ережелер

      Осы Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына баға белгілеу қағидалар (әдістеме) (бұдан әрі – Қағидалар) төменде көрсетілген шикізаттың біреуін пайдалана отырып, электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына сатып алу-сату бойынша экспорттық мәмілелерді жасау кезінде мәмілелер (өткізу) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді:

      кеуекті титан;

      титан сынықтары;

      кеуекті титан және титан сынықтары.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) электрондық-сәулелік балқыту – электрондық сәуле энергиясын пайдалану арқылы титанды балқыту әдісі;

      2) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынатын бағаны Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес және осы Қағидалардың 5-тарауының ережелерін ескере отырып айқындалатын салыстырмалы экономикалық жағдайларға сәйкес келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

      3) ұзақ мерзімді келісімшарт – бір жылдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге жасалған электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларын сатып алу-сату келісімшарты (шарт);

      4) сатып алушының ерекшелігі – титаннан және оның қорытпаларынан жасалатын бұйымдарды өндіруге арналған өнімдерді пайдаланатын тұтынушылар бекітетін титан құймаларының қаттылығына және химиялық құрамына қойылатын талаптарды қамтитын құжат;

      5) B 348 стандарты – барлық салалардың материалдары, өнімдері, жүйелері мен қызметтері үшін стандарттарды әзірлейтін және шығаратын, соңғы ревизиядағы "ASTM International" (америкалық материалдар мен оларды сынау жөніндегі қоғам) америкалық ерікті ұйымының халықаралық стандарты;

      6) кеуекті титан – вакуумды-термиялық тазалау арқылы магнийтермиялық тәсілмен алынған және титан мен құрамында 95,0 мас.% кем емес мөлшерде титаны бар оның қорытпаларынан жасалған жартылай фабрикаттар өндіруге арналған бастапқы материал болып табылатын биологиялық және экологиялық залалсыз материал;

      7) титан құймалары – титан негізіндегі немесе алюминий, ванадий, темір және басқа да қоспалар, сондай-ақ титан сынықтары қосылған, пластикалық пішінін өзгерту (илектеу, соққылау, тығыздау), қайта қорыту немесе электролиз арқылы одан әрі қайта өңдеуге арналған құйылған металл әзірлемесі түріндегі макроскопиялық біртекті қоспа;

      8) тауар – тұтынушыға кейіннен өткізу үшін электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймалары;

      9) титан сынықтары – титан жоңқасының сынықтары немесе кесек титан сынықтары түріндегі титан құймалары өндірісінің қалдықтары;

      10) трейдер – дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларын сатып алу-сату кезіндегі делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға;

      11) ақпарат көзінен алынған баға – "Argus Media group" компаниясы "MetalPrices.com" (Ұлыбритания) журналында www.metalprices.com сайтында және "Мегасофт" жауапкершілігі шектеулі қоғамы "Металлургический бюллетень" журналында (Ресей) www.metaltorg.ru сайтында АҚШ долларында жарияланатын баға;

      12) мәміле бағасы – осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес есептелген электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына кәсіпорынның өткізу бағасы;

      13) баға дәлізі – ақпарат көзінен алынған бағалардың бірқатар ең төмен және ең жоғары мәндері негізінде ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасу кезінде мәмілеге қатысушылар белгілейтін бағалардың жоғары және төменгі шектері: титан құймалары үшін – "MetalPrices.com" журналы, www.metalprices.com (Ұлыбритания) сайтында, "MetalPrices.com" ақпарат көзінің жарияланымы болмаған жағдайда – баға мәні www.metaltorg.ru сайтында "Металлургический бюллетень" көзінен алынады.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар үшін мәміле бағасын айқындау кезіндегі баға дәлізін қолдану

      Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарттары үшін мәмілеге қатысушылар келісімшарттың барлық қолдану мерзімі ішінде қолданылатын баға дәлізін белгілейді.

      Баға дәлізінің жоғары және төменгі шектері ұзақ мерзімді келісімшарт жасалатын айдың алдындағы екі күнтізбелік айдың әрбір бірінші күніне тиісті ақпарат көзінде жарияланған бағалардың орташа арифметикалық ең төменгі және ең жоғары мәндері және ұзақ мерзімді келісімшарт жасалатын айдың бірінші күніне жарияланған ақпарат көзінен алынған бағалар негізінде айқындалады.

      Ұзақ мерзімді келісімшартты жасасу кезінде мәмілеге қатысушылар белгілеген баға дәлізі электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына арналған меншік құқығының өту күніне мәміле бағасын айқындау үшін қолданылады.

      Ақпарат көзінен алынған бағаның орташа арифметикалық мәні белгіленген баға дәлізінің жоғары шегінен ұлғаюы (артуы) жағына қарай ауытқыған кезде электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы өндірілген титан құймаларына меншік құқығының өту күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің жоғары шегінің негізінде есептеледі.

      Ақпарат көзінен алынған бағаның орташа арифметикалық мәні белгіленген баға дәлізінің төменгі шегінен кему (азаю) жағына қарай ауытқыған кезде электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы өндірілген титан құймаларына меншік құқығының өту күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің төменгі шегінің негізінде есептеледі.

4. Кеуекті титанды, немесе кеуекті титан және титан сынықтарын, немесе титан сынықтарын пайдалана отырып, электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасын айқындау тәртібі

      Кеуекті титанды, немесе кеуекті титан және титан сынықтарын, немесе титан сынықтарын пайдалана отырып, электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, титан құймаларын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарты үшін мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      МБIngot > АКБIngot х КIngot х КScrap- D , мұндағы

      МБIngot – сатып алушыға меншік құқығының өту күніне электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына мәміле (сату) бағасы;

      АКБIngot – сатып алушыға тауарға меншік құқығының өтуі күніне ең жоғары және ең төменгі бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде төмендегі формула бойынша айқындалатын "MetalPrices.com" журналында жарияланған титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған баға:

      АКБМР min + АКБМР max АКБIngot = ------------------------------------ , мұндағы 2

      АКБMP min. – меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне "MetalPrices.com" журналында жарияланған, титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең төменгі мәні;

      АКБMP max. – меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне "MetalPrices.com" журналында жарияланған титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең жоғары мәні;

      Бұл ретте АКБIngot бағалық дәліз шектерін және осы Қағидалардың 3-тарауының ережелерін ескере отырып қолданылады;

      КIngot – тұтынушының ерекшелігіне сәйкес электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасын айқындау үшін қолданылатын, төмендегі формула бойынша В 348 стандартында айқындалған титан құймаларының сапасына әсер ететін негізгі қоспалардың (темір (Fe), оттегі (О), азот (N), сутегі (H), көміртегі (С), ванадий (V), алюминий (Аl), иттрий (Y) кремний (Si), бор (В), мыс (Сu), рутений (Ru), палладий (Pd)) болуының барынша жол берілетін шектерін есептеу арқылы айқындалатын төмендетуші коэффициент:

      1 КIngot = ---------------------------------------------------------------, мұндағы (1+(Fex - FeIngot)) х (1+(Оx - OIngot)) х (1+(Nx - NIngot)) х (1+(Hx - HIngot)) х х (1+(Cx- CIngot)) х (1+(Vx - VIngot)) х (1+(Alx - AlIngot)) х (1+(Yx - YIngot)) х (1+(Six - SiIngot))х х (1+(Bx - BIngot)) х (1+(Cux - CuIngot)) х (1+(Rux - RuIngot)) х (1+(Pdx - PdIngot))


Fex - темір

сатып алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларындағы қоспалардың болуының жол берілген жоғары шегі (пайызбен);

Оx - оттегі

Nx - азот

Hx - сутегі

Сx - көміртегі

Vx- ванадий

Alx- алюминий

Yx- иттрий

Six- кремний

Bx- бор

Cux- мыс

Rux- рутений

Pdx - палладий

FeIngot - темір

B 348 стандартына сәйкес титан құймаларында қоспалардың болуының жол берілетін жоғары шегі (пайызбен).

OIngot- оттегі

NIngot - азот

HIngot - сутегі

CIngot- көміртегі

VIngot - ванадий

AlIngot- алюминий

YIngot- иттрий

SiIngot- кремний

BIngot- бор

CuIngot- мыс

RuIngot- рутений

PdIngot - палладий

      Егер сатып алушылардың ерекшеліктері бойынша титан құймаларындағы жоғарыда көрсетілген қоспалардың жол берілетін ең жоғары қамтылуы В 348 стандартында айқындалған титан құймаларының құрамындағы қоспалардың рұқсат етілетін жоғары шегінен төмен болған жағдайда, онда электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасы төмендетуші коэффициентті ескерусіз айқындалады.

      КScrap – электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларының мәміле (өткізу) бағасын айқындау үшін қолданылатын, бастапқы шикізат құрамындағы материалдар бағаларының айырмашылықтарының есебінен айқындалатын төмендетуші коэффициент (кеуекті титан, немесе кеуекті титан және титан сынығы, немесе титан сынығы).

      КScrapмынадай формула бойынша айқындалады:

      (ҮTG x АКБTG) + (ҮTurning x АКБTurning) + (ҮSolids x АКБSolids) КScrap = -------------------------------------------------------------------, мұндағы АКБTG

      ҮTG – бастапқы шикізаттағы кеуекті титанның пайыздық үлесі;

      ҮTurning – бастапқы шикізаттағы титан жаңқалары сынықтарының пайыздық үлесі;

      ҮSolids – бастапқы шикізаттағы кесек титан сынықтарының пайыздық үлесі;

      АКБTG – тауарға меншік құқығының сатып алушыға өту күніне ең төменгі және ең жоғарғы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде төмендегі формула бойынша айқындалатын, "Металлургический бюллетень" журналында жарияланған, кеуекті титанға арналған ақпарат көзінен алынған баға:

      АКБМТ min + АКБМТ maxАКБTG = ------------------------------------ , мұндағы 2

      АКБMТ min.– меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "Металлургиялық бюллетень" көзіндегі бағаның ең төменгі мәні;

      АКБMТ max. – меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "Металлургиялық бюллетень" көзіндегі бағаның ең жоғарғы мәні;

      АКБTurning – тауарға меншік құқығының сатып алушыға өту күніне ең төменгі және ең жоғарғы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде төмендегі формула бойынша айқындалатын, "MetalPrices.com" журналында жарияланған, титан жаңқасының сынықтарына арналған ақпарат көзінен алынған баға:

      АКБМР min + АКБМР maxАКБTurning = ------------------------------------ , мұндағы 2

      АКБMР min. – меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "MetalPrices.com" журналында жарияланған титан құймаларына арналған көздегі бағаның ең төменгі мәні;

      АКБMР max. – меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "Metal Prices" журналында жарияланған титан құймаларына арналған көздегі бағаның ең жоғарғы мәні;

      АКБSolids – тауарға меншік құқығының сатып алушыға өту күніне ең төменгі және ең жоғарғы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде төмендегі формула бойынша айқындалатын, "MetalPrices.com" журналында жарияланған, титан кесегінің сынықтарына арналған ақпарат көзінен алынған баға:

      АКБМР min + АКБМР maxАКБSolids = ------------------------------------ , мұндағы 2

      АКБMР min. – меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "MetalPrices.com" журналында жарияланған титан құймаларына арналған көздегі бағаның ең төменгі мәні;

      ЦИИMР max. – меншік құқығының сатып алушыға өту күніндегі "MetalPrices.com" журналында жарияланған титан құймаларына арналған көздегі бағаның ең жоғарғы мәні;

      D – ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған, электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларын жеткізу шартына байланысты ескерілетін дифференциал.

5. Дифференциалды айқындау

       Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларын жеткізу шарттарына байланысты ақпарат көздерінен алынған бағаларды салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру мақсатында дифференциалға тауарды тиісті межелі (жеткізілу) нарығына дейін жеткізуге және оны өткізуге байланысты сатып алушының құжаттамалық және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстары енгізіледі, олар мыналарды қамтиды:

      1) тауарды қоймаларда сақтау шығыстары;

      2) тауарды тасымалдау шығыстары;

      3) тауарды тасымалдауды сақтандыру шығыстары;

      4) тауарға арналған кедендік баж (төлем) салықтарын төлеу бойынша шығыстар;

      5) трейдердің (сатып алушының) тауарды алу, қаржыландыру, жеткізу және сату бойынша шығыстарының жалпы көлемінің 2 % аспайтын мөлшердегі комиссиялық сыйақы. Трейдердің (сатып алушының) комиссиялық сыйақысы мәміле жасалған жылдың алдындағы өткен үш қаржы жылындағы рентабельділік нормасының орташа мөлшері ретінде трейдердің (сатып алушының) аудиттелген қаржылық есептілігінің деректері негізінде айқындалады. Рентабельділік нормасы кезеңнің шығыстары мен іске асырудың өзіндік құнының сомасына операциялық түсімнің қатынасы ретінде пайызбен айқындалады.

      6) LIBOR+1,6% үш айлық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде тауарды сатып алу, жеткізу және өткізу, сондай-ақ кредиттерді (қарыздарды) тарту және қызмет көрсету кезінде сатып алушы көтеретін банк комиссияларының шығыстары үшін сатып алушыға коммерциялық банктер ұсынған кредиттер (қарыздар) бойынша сатып алушының сыйақы төлеу шығыстарын қоса алғандағы қаржыландыру шығыстары. Кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы, LIBOR+1,6% үш айлық мөлшерлемесінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. LIBOR үш айлық мөлшерлемесінің мәні күнтізбелік айдағы тауарды жөнелткен күні қолданыста болған LIBOR үй айлық мөлшерлемесінің орташа арифметикалық мәні ретінде www.bbalibor.com интернет-сайтындағы деректер негізінде айқындалады. Бұл ретте келісімшарт бойынша тауарды өткізуге бір ай ішінде тек бір ғана жөнелтім жүзеге асырылған жағдайда, онда кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы бойынша шығындарды айқындау үшін LIBOR үш айлық мөлшерлемесінің орташа арифметикалық мәні тауарды жөнелткен күндегі LIBOR орташа арифметикалық үш айлық мөлшерлемесінің бір мәніне сай келеді.

      Егер мемлекеттік кірістер органының сұратуы бойынша ресми ақпарат көздері сатып алушыға коммерциялық банктер титан құймаларын сатып алу, жеткізу және өткізу үшін ұсынған кредиттер бойынша сыйақы төлемі бойынша сатып алушының шығыстарын қоса алғанда, қаржыландыру бойынша шығыстарының, сондай-ақ кредиттерді тарту және қызмет көрсетуі кезінде сатып алушы көтеретін банк комиссиясы бойынша шығыстарының дифференциалға кірмейтіндігі көзделген ақпарат ұсынған жағдайда, онда мұндай шығыстар дифференциал құрамынан алып тастауға жатады. Мұндай ақпаратпен салық төлеуші трансферттік баға түзілуіне мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша салық тексерісін жүргізуді бастағанға дейін таныстырылуға тиіс.

      Дифференциал құрамдастары құжат түрінде, оның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттармен, тауарды белгіленген (жеткізілуі) тиісті нарығына жеткізу және оны сатуға байланысты сатып алушы шығыстарын әр бап бойынша нақтылай отырып, сату шығыстары бойынша тапсыру-қабылдау актілерінде және (немесе) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген кезектілік бойынша ақпарат көздерімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады