Түркістан облысының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 431 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан облысының аумағынан Шымкент қаласының жалпы алаңы 116280,0 гектар жерін шығару жолымен облыс шекарасы белгіленсін.

      2. Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 431 қаулысына
қосымша




      Түркістан облысы шекарасының сипаттамасы


      Түркістан облысының аумағы 11 608,6 мың гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Жамбыл облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

      солтүстік-батыс шекарасы Қарағанды облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

      батыс шекарасы Қызылорда облысының қолданыстағы шекарасы бойынша өтеді;

      оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады