Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 443 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Байқоңыр" ауданының ішкі істер басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Байқоңыр" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемелері құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің мына аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі оны Нарынқол ауылында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Кеген ауылында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Кеген ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесі оны Нарынқол ауылында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Кеген ауылында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджетінде және жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдар және оның ведомстволарының тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:

      "17-1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Байқоңыр" ауданының ішкі істер басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 72-1-жолмен толықтырылсын:

      "72-1. Алматы облысының Ішкі істер департаменті Кеген ауданының ішкі істер бөлімі.";

      "3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:

      "17-1. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Байқоңыр" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 72-1-жолмен толықтырылсын:

      "72-1. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімі".

      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады