Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Жасыл өсу индикаторларын енгізу және Қазақстандағы Жасыл өсу бойынша баяндаманы дайындау" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Жасыл өсу индикаторларын енгізу және Қазақстандағы Жасыл өсу бойынша баяндаманы дайындау" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Бюджетті пайдалану бойынша есептеу
Болжамды шығыстар | EUR |
ЭЫДҰ персоналына арналған шығыстар | 26,000 |
Орталықтандырылған көрсетілетін қызметтер (PPC) | 3,000 |
ЭЫДҰ қызметкерлерінің миссиялары | 16,000 |
Қазақстандық қызметкерлер мен сарапшылардың ЭЫДҰ-ға іссапарлары | 25,000 |
Ведомствоаралық жұмыс тобының екі халықаралық кеңесі | 10,000 |
Ұлттық консультанттың көрсетілетін қызметтері | 10,000 |
Ұлттық консультанттың көрсетілетін қызметтері (Қазақстандағы жүйелі есептілік жүйесіне жасыл өсу өлшемін интеграциялау) | 10,000 |
Халықаралық консультанттың көрсетілетін қызметтері | 10,000 |
Басқа да операциялық көрсетілетін қызметтер (жарияланымдар; веб-сайтты дайындау, басып шығару, аударма, мобильді жұмыс станциясының қызмет көрсеткені үшін төлем) | 30,550 |
Әкімшілік шығындар | 9,450 |
150,000 |
Ескертпе: бюджеттің бір жолындағы кез келген артық шығыс жалпы бюджеттің шеңберінде қала отырып, бюджеттің басқа жолындағы жетіспеушіліктің орнын толтыруы мүмкін.
"Жасыл өсу индикаторларын енгізу және Қазақстандағы Жасыл өсу бойынша баяндаманы дайындау" жобасына техникалық тапсырма
Сипаттама |
Қазақстан жасыл өсудің экономикалық даму жолын ілгерілету үшін 2013 жылы Жасыл экономика тұжырымдамасын қабылдады. Экономика бұдан әрі дамығандықтан, саясаткерлер үшін жасыл өсуге қол жеткізудегі прогресті бағалау, жасыл өсудің көзін жақсы түсіну және жұртшылықты прогресс туралы ақпараттандыру үшін Тұжырымдаманың іске асырылуын қадағалау маңызды. |
Ұсынылатын іс-шаралар |
1. Жасыл өсудің елдік индикаторларына негізделген ұлттық баяндаманы әзірлеу |
Жобаны іске асыру және басқару |
Жоба Қазақстанның Статистика комитетімен тығыз консультацияда енгізіледі және жүзеге асырылатын болады. Жобада ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің белсенді қатысуы қамтамасыз етілетін болады. |
Күтілетін нәтижелер |
Халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы үшін жасыл өсу индикаторлары; |
Жұмыстың болжамды кестесі |
Жоба 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Сол уақытқа дейін жобаның мына негізгі кезеңдері аяқталады: |
Күтілетін нәтижелер (Қазақстан іске асырғаннан кейін) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасыл өсу өлшеуін Қазақстандағы тұрақты есептілік жүйесіне интеграциялау. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 472 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Жасыл өсу индикаторларын енгізу және Қазақстандағы Жасыл өсу бойынша баяндаманы дайындау" жобасын іске асыру туралы келісім
Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің нысанасы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) осы Келісім шеңберінде "Жасыл өсу индикаторларын енгізу және Қазақстандағы Жасыл өсу бойынша баяндаманы дайындау" жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап Жобаның ұзақтығы 24 айды құрайды.
2-бап
Бюджет және қаржыландыру тетіктері
Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды өтеуге ЭЫДҰ-ға 150 000 (жүз елу мың) евро сомасында жарна беруге міндеттенеді. Бюджетті пайдалану бойынша есептеу осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада жазылған.
Жарнаны төлеу мына төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі:
а) 75 000 (жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі алғашқы 50 % (елу пайыз) жарна осы Келісімге қол қойылған және ЭЫДҰ-дан тиісті шотты алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде төленеді;
б) 75 000 (жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі екінші 50 % (елу пайыз) жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынған күннен бастап 2019 жылғы желтоқсанға дейін төленеді.
3. ЭЫДҰ осы жарнаны ЭЫДҰ-ның қаржы ережелеріне және басқа да тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіретін болады, оларда қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасынан 6,3 % әкімшілік шығындардың (бұл сома өзгеруі мүмкін) өтелуін төлеу көзделген. Шығыс бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкес ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетілетін болады және ол ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап
Жұмыстар мен есептіліктің сипаттамасы
ЭЫДҰ Жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшадағы сипаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есеп береді.
Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның іске асырылуы туралы қорытынды есеп және шығыстар туралы қорытынды есеп береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталғанымен келіседі.
4-бап
Ақпарат алмасу
Тараптар бір-біріне Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынады.
Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайларға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Нұрболат Айдапкелов мырзаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, 010000, Қазақстан, Астана, Мәңгілік ел, 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс, тел.: +7 (7172) 74-90-23, факс: +7 (7172) 74 94 94, эл.мекенжай: n.aidapkelov@economy.gov.kz.
ЭЫДҰ үшін: Куми Китамори мырза, Жасыл өсу және жаhандық қарым-қатынас бөлімінің басшысы, ЭЫДҰ Қоршаған орта директораты, 75775, Франция, Париж, Cedex 16, Андрэ-Паскаль көшесі, 2, тел.: +33 1 45 24 92 02, эл.мекенжай: kumi.kitamori@oecd.org.
5-бап
Жобаның нәтижелерін пайдалану
Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның ерекше меншігі болып қалады.
Құжаттарды жіктеуге және жіктеуден алып тастауға қатысты үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясаттары сақталған кезде, егер қолданылатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жарнамен қаржыландырылатын іс-шаралар шеңберінде дайындалған жарияланымдардың қағаз көшірмелерін коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшірмесін жасау және тарату құқығын береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған кезде ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын үнемі тиісті түрде мойындайды.
Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін (есептерін), жарияланымын (жарияланымдарын) дайындау мақсатында және Жобаны жүзеге асыру үшін пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.
6-бап
Дауларды шешу
Келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмайтын, болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, осы Келісімді түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан немесе оған байланысты туындайтын кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісімді жасасу күніне жарамды, халықаралық ұйымдар мен Төрелік соттың тұрақты палатасының мемлекеттері үшін аралық соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылауымен шешіледі. Судьялардың саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы өзара уағдаластық арқылы таңдалады. Егер төрелік талап еткеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Францияда, Париж қаласында өтеді, барлық іс жүргізу және ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.
7-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ иммунитеттері мен артықшылықтарынан бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.
8-бап
Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап Күшіне енуі
1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол екі Тарап одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданыста болады.
2. Әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының |
Экономикалық ынтымақтастық |
|
Энтони Кокс |
Антуан Пайе Бағдарлама Басшысының орынбасары, Бюджеттік және қаржылық басқару қызметі, Атқарушы директорат |
|
Қолы:_______________________ | |
Күні:_______________________ |