"Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 8 тамыздағы № 483 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 708-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметші – әскери қызметін өткеру кезеңінде, әскери міндетті әскери жиындарға шақырылған не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери қызметші – әскери қызметін өткеру кезеңінде, әскери міндетті әскери жиындарға шақырылған не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастанусалдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады