Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 8 тамыздағы № 484 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мына қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің кадрында қалдырылып және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көзделген жеңілдіктері сақтала отырып:

      Қайрат Ақылбекұлы Байзақов - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының Орталық Азия өңіріндегі Өңірлік жедел тобына;

      Жанар Қапасқызы Молдыбаева Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына іссапарға жіберілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады