Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 512 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановқа Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. "Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 768 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 тамыздағы
№ 512 қаулысымен
мақұлданған
  жоба

Түркі мәдениеті және мурасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Түрік Республикасының үкіметтері

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

      2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX Саммитінде қабылданған Түркі мәдениеті және мұрасы қорын (бұдан әрі - Қор) құру туралы шешімге сәйкес,

      2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Жарғысының (бұдан әрі Жарғы деп аталады) 6-бабының ережелерін іске асыру мақсатында,

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі мен Түркі мәдениеті және мұрасы қорының арасындағы Қорды Әзербайжан Республикасында орналастыру шарттары мен тәртібі туралы қабылдаушы мемлекеттің келісіміне тиісті құрметпен қарай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Анықтама

      Осы Келісімде:

      "Түркі кеңесі" Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін білдіреді;

      "Тараптар" Қордың Жарғысына қол қойған Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің үкіметтерін білдіреді;

      "СІМК" Түркі кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесін білдіреді;

      "АЛАК" Түркі кеңесінің Аға лауазымды адамдар комитетін білдіреді;

      "қабылдаушы мемлекет" аумағында Қор орналасқан Қорға мүше мемлекетті білдіреді;

      "Келісім" осы Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қаржылық қағидалары туралы келісімді білдіреді;

      "президент" - Қордың президенті;

      "Кеңес" әрбір мүше мемлекеттің бір өкілінен тұратын Қордың бақылаушы органы болып табылатын Қор кеңесін білдіреді;

      "хатшылық" Қордың хатшылығын білдіреді;

      "Қор персоналы" Президенттен, кәсіби персоналдан және жалпы қызмет көрсету персоналынан тұрады;

      "асырауындағы адамдар" Қор персоналының жұбайын/зайыбын, некеге тұрмаған 18 жасқа дейінгі балаларын, сондай-ақ толық асырауындағы ата-аналарын білдіреді;

      "Қордың үй-жайлары" Қор өз функцияларын орындау үшін пайдаланатын ғимарат немесе ғимараттың және оған іргелес аумақтың бөлігін білдіреді;

      "кәсіби персонал" келісімшарттық негізде жалданатын кәсіби персоналдан тұрады;

      "жалпы қызмет көрсету персоналы" келісімшарттық негізде жалданатын техникалық персоналдан тұрады;

      "бюджет" Қордың міндеттері мен функцияларын іске асыруға арналған ақшалай қаражатты қалыптастыруды және оған билік етуді білдіреді;

      "қаржы жылы" күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді білдіреді;

      "жарналар" Тараптар үшін ағымдағы қаржы жылында Қордың қызметіне байланысты шығыстарды өтеуге белгіленген сомаларды білдіреді;

      "сыртқы аудит" СІМК тағайындайтын тәуелсіз аудитор/аудиторлар жүзеге асыратын Қордың қаржы және экономикалық қызметін тексеруді білдіреді;

      "кірістер" Қордың бюджетке белгіленген жарналар түрінде алынған қаражатты білдіреді;

      "өзге кірістер" белгіленген жарналарды, ақшалай нысандағы қайырмалдықты, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылындағы шығыстарды тікелей өтеу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, барлық түсімдерді білдіреді;

      "шығыстар" Қор өз міндеттері мен функцияларын қаржыландыру үшін бюджеттен бөлген ақшалай қаражатты білдіреді;

      "кандидаттардың шығыстары" кандидаттардың көлікке, қонақүйде тұруға және тәуліктік ақы төлеуге шығыстарын білдіреді;

      "айналым қаражатының резерві" міндетті жарналар толық төленгенге дейін Қордың шығыстары үшін пайдаланылатын бюджеттің бір бөлігі болып табылады.

2-бап

Жалпы ережелер

      Осы Келісім Қор бюджетін қаржыландыру көздерін, қалыптастыру тәртібін, жүзеге асырылуын және есептілігін айқындайды.

3-бап

Бюджет

      3.1. Қор бюджеті Қордың ұзақ мерзімді жобаларын орындау бойынша жыл сайынғы көзделген шартты шығыстарын қоса алғанда, қаржы жылының ақшалай және/немесе басқа нысандағы барлық кірістері мен шығыстарын қамтиды.

      3.2. Қор бюджетін президент әзірлейді және АЛАК мақұлдағаннан кейін СІМК бекітеді.

      3.3. Кірістерде:

      а) Тараптардың төлем қабілеттілігін, Біріккен Ұлттар Ұйымына енгізетін жарналар шкаласын және олардың ұқсас өңірлік ұйымдарға енгізетін ағымдағы жарналарын назарға ала отырып, сомасын СІМК айқындайтын міндетті Жарналар қамтылады. Алайда қабылдаушы мемлекеттің үлесі басқа мүше мемлекеттердің үлесінен кем болмауға тиіс. Міндетті жарналар шкаласын жеке хаттамада көрсетіледі, оған СІМК қол қояды. Хаттамаға қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізіледі;

      б) гранттар;

      в) Қор бюджетіне көлемі шектелмейтін ерікті жарналардан түсетін төлемдер;

      г) Тараптардың мақұлдауына жататын Қордың бақылаушы елдерінен, басқа мемлекеттерден, Қордың бақылаушы ұйымдарынан, басқа халықаралық ұйымдар мен қорлардан, заңды және жеке тұлғалардан да қабылдануы мүмкін ақшалай және/немесе басқа нысандағы ерікті жарналар;

      д) Қордың мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін жағдайда өзге кірістер бойынша пайыздардан түсетін кірістерді және басқа кірістерді қоса алғанда, өзге де кірістер қамтылады.

      3.4. Шығыстарда:

      а) мәдени және ғылыми шығыстар:

      1) зерттеу шығыстары;

      2) жобалау шығыстары;

      3) симпозиумдар, ғылыми конференциялар және отырыстар шығыстары;

      4) типографиялық шығыстар;

      5) аутсорсинг;

      6) консалтинг қамтылады.

      б) персоналға жұмсалатын шығыстар:

      а) президентке сыйақы, оның ішінде:

      1) медициналық сақтандыру;

      2) асырауындағы адамдарға арналған жәрдемақы;

      3) білім беру гранты;

      4) тұрғын үйді жалға алуға арналған жәрдемақы;

      5) ротация бойынша жәрдемақы;

      б) демалысқа арналған жәрдемақы (жылына 1 рет);

      7) өкілдік шығыстар;

      8) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар;

      б) кәсіби персоналдың сыйақысы, оның ішінде:

      1) медициналық сақтандыру;

      2) асырауындағы адамдарға арналған жәрдемақы;

      3) білім гранты;

      4) ротация бойынша жәрдемақы;

      5) демалысқа арналған жәрдемақы (жылына 1 рет);

      6) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар;

      в) жалпы қызмет көрсететін персоналға сыйақы, оның ішінде:

      1) медициналық сақтандыру;

      2) асырауындағы адамдарға арналған жәрдемақы;

      3) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар;

      г) персоналмен келісімшарттарды бұзған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы;

      д) тәуліктік, көлікпен жол жүруге және қонақүйде тұруға шығыстарды қоса алғанда, Қор персоналының іссапар шығыстары;

      е) Қор персоналын оқыту;

      ж) кандидаттардың шығыстары қамтылады.

      Асырауындағы адамдарды күтіп-бағуға арналған жәрдемақы және білім беру шығыстары қабылдаушы мемлекеттің азаматтарына қолданылмайды;

      в) әкімшілік шығыстар:

      1) Қордың персоналы еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шығындар;

      2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

      з) Қор үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) Қордың жұмыс істеуіне қажетті кеңсе жабдығы мен жиһазды, автомобиль көлігі мен басқа да құралдарды сатып алу;

      5) жылжымайтын мүлікке, кеңсе жиһазына, жабдықтарға, автокөліктер және басқа да құралдарға қызмет көрсету және оларды жөндеу;

      6) хаттама шығыстары;

      7) Кеңес мүшелерінің көлік шығыстары, қонақүйде тұруға және тәуліктік шығыстарын қоса алғанда, іссапарларына шығыстар қамтылады.

      3.5. Қаржы жылына Қор персоналының дәрежесі мен еңбекақысына сәйкес шығыстар көрсетілген Қордың штат кестесін Қор әзірлейді және AJIAK мақұлдағаннан кейін СІМК бекітеді.

4-бап

Бюджеттің атқарылуы

      4.1. Бюджетке президент әкімшілік етеді.

      4.2. Әрбір Тараптың міндетті жарналарының нақты сомасы бюджетте көрсетіледі.

      4.3. Бюджетке жыл сайынғы жарналар АҚШ долларында есептеледі және төленеді.

      4.4. Қор Түркі кеңесінің хатшылығы арқылы міндетті жарналарды бюджетке толық көлемде аудару мерзімі туралы СІМК-ге хабарлайды.

      4.5. Тиісті жарналар қаржы жылының алғашқы үш айы ішінде төленгені дұрыс. Алайда, егер де бұл ұлттық заңнамаға орай мүмкін болмаған жағдайда, төлемдер төрт аралыққа бөлінуі және әрбір үш айдың басында жүзеге асырылуы мүмкін.

5-бап

Шығыстар сметасы

      5.1. Қор бюджеті шығыстар сметасы - қаржы жылындағы шығыстарды қамтитын құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

      5.2. Қор президенті шығыстардың әрбір бабы бойынша есептеулер және негіздемелері бар бюджет жобасын жасайды және оны Түркі кеңесінің хатшылығы арқылы Тараптардың қарауына және СІМК-нің бекітуіне жаңа қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші жартысында AJIAK арқылы жолдайды.

      5.3. СІМК бюджетті қарайды және келесі қаржы жылына ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітеді. Алайда, егер бюджет жаңа қаржы жылының алдыңғы жылы ішінде қабылданбаса, ағымдағы бюджет бекітілген өзгерістерді ескере отырып пайдаланылатын болады.

      5.4. Қолма-қол қаражат бойынша операциялар қабылдаушы мемлекеттің ұлттық валютасында және қолданылатын жерде басқа мемлекеттердің валютасында жүзеге асырылуы мүмкін.

      5.5. Жергілікті валютадағы шығыстар үшін бюджет үшін айырбастау бағамы қабылдаушы мемлекеттің орталық банкі белгілеген алдыңғы жылдың орташа айырбастау бағамы негізінде бағаланады.

      5.6. Бекітілген бюджет шеңберінде Қор, еңбекақы туралы шығыстар тармағын қоспағанда, бір шығыстар тармағынан екінші тармаққа, бірақ осы тармақтар бойынша бекітілген шығыстардың жалпы көлемінің 10 пайызынан артық емес қаражатты өз әрекеттерінің түсіндірмелерін қоса бере отырып, Тараптарға алдын ала хабарлау арқылы ауыстыра алады. Егер Тараптар хабарлама алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде наразылық білдірмесе, ақшалай қаражаттың ұсынылған ауыстырулары бекітілді деп есептеледі. Егер бір тармақтан екінші тармаққа аудару 10 % асатын болса, онда аудару СІМК-нің бекітуіне шығарылады.

      5.7. Қаржы жылының соңына дейін мақсаты бойынша пайдаланылмаған Қордың бюджет қаражатының қалдығы келесі қаржы жылының бюджет кірісінің есебіне жатқызылуға тиіс. Әрбір мүше мемлекеттің жарналары тепе-тең есептелуге тиіс және Тараптарға олардың жиынтық жарналары есебіне берілетін болады.

      5.8. 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет сальдосы алдыңғы жылы ұзақ пайдаланылатын жабдықтар мен тауарларды сатып алуға толық пайдаланылмағандықтан, кейінге қалдырылған тапсырыстарды төлеу үшін пайдаланылуға тиіс.

6-бап

Ақшалай қаражатты сақтау

      6.1. Қордың ақшалай қаражатты сақтайтын банктік шоттарын Президент айқындайды.

      6.2. Қор шоттары АҚШ долларында және қабылдаушы мемлекеттің ұлттық валютасында сақталады. Алдыңғы кезең шығыстарының айырбастау багамының бухгалтерлік есебі қабылдаушы мемлекеттің орталық банкінің орташа үш айлық айырбастау багамына негізделеді.

7-бап

Есептілік

      7.1. Президент Қордың қаржы ресурстарының басқарылуын бақылауды жүзеге асырады және AJ1AK арқылы СІМК-ге есеп береді.

      7.2. Президент AJIAK арқылы СІМК-ге алдыңғы қаржы жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, әрбір қаржы жылына жылдық есеп/баяндама береді.

      7.3. Әрбір қаржы жылының соңында қолма-қол қаражаттың қалдығы немесе тапшылығы кірістердің шығыстардан асып түсуін есептеу арқылы немесе шығыстардың кірістерден асып түсуін есептеу арқылы айқындалады. Бюджеттің қолма-қол қаражаты жетпеген жағдайда президент AJIAK арқылы СІМК-ге хабарлайды және қажетті қаржылық шараларға қатысты ұсыныс жасайды.

8-бап

Аудит

      8.1. Қордың қаржы қызметінің сыртқы аудиті әрбір бюджеттік кезеңнің соңында жүзеге асырылады. Аудитті AJIAK мақұлдағаннан кейін СІМК уәкілеттік берген халықаралық деңгейде тұрақтаған тәуелсіз ұйым (компания) жүзеге асырады. Президент сыртқы аудитті жүргізу үшін барлық қажетті құжаттарды уәкілетті ұйымға ұсынады.

      8.2. Сыртқы аудитті жүзеге асырғаннан кейін президент барлық Тараптарға аудиторлық есепті жолдайды.

9-бап

Айналым қаражатының резерві

      9.1. Айналым қаражатының резерві бюджеттің бір бөлігі болып табылады және жыл сайынғы міндетті жарналардың түсуін күту кезеңінде бюджеттік қаражатты қаржыландыру үшін ғана пайдаланылады.

      9.2. Айналым қаражаты резервінің сомасы жылдық бюджеттің кемінде 10 % мөлшерінде белгіленеді. Жыл сайынғы міндетті жарналарды алғаннан кейін аванс айналым қаражатының резервіне қайтарылады.

10-бап

Қорытынды ережелер

      10.1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарийдің алған күнінен кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      Осы Келісім түркітілдес мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылған мемлекет үшін Келісім депозитарийдің қосылу туралы құжатты алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      10.2. Әзербайжан Республикасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады. Депозитарий осы Келісімнің күшіне енген күні, сондай-ақ ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты алғаны туралы Тараптарды дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      10.3. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер арқылы шешетін болады.

      10.4. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге осы баптың 10.1-тармағында жазылған рәсімге сәйкес күшіне енетін, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      10.5. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып, кез келген уақытта осы Келісімнен шыға алады. Осы Келісім сол Тарапқа қатысты қолданысын депозитарийдің мұндай хабарламаны алған күнінен бастап 6 ай өткен соң тоқтатады.


      _____________________ ____________________ қаласында әзербайжан, қазақ, қырғыз,

      түрік және ағылшын тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі нұсқаның күші басым болады.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
     
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
     
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
     
      Түрік Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады