Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.05.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:";
5) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.
Комитет Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам қол қойған Келісімді мәмілеге қатысушының атына жолдайды, ол қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылады.
Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам Келісімге қол қойғаннан кейін мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Комитетке жібереді.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комитет мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қажет болған кезде Комитет жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарды (ақпаратты) мынадай субъектілерден:";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің және мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданылу мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарттары бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |