Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 317 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.05.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 қазандағы
№ 1197 қаулысымен
бекітілген

Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:

      1) жалпы ережелер;

      2) Келісім тараптары;

      3) Келісім нысанасы;

      4) ұсынылған құжаттар тізбесі;

      5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;

      6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;

      7) Келісімнің қолданыс мерзімі;

      8) Келісімнің күшіне ену күні;

      9) Келісімнің қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі;

      10) құпиялылық;

      11) Келісімді шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзудың) салдарлары;

      12) Келісімді мерзімінен бұрын бұзудың негіздерді;

      13) қосымша шарттар.

2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу тәртібі

      3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, құрылтай құжаттарын (жарғы, құрылтай шарты), 5 %-дан аса акциялары (үлестері) бар акция (үлес) ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені;

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін);

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.04 № 905 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) Қаулысымен.

      4) жеке басын куәландыратын құжат;

      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) тауарларды өткізуге және сатып алуға келісімшарттарды (толықтыруларымен және езгерістерімен);

      7) Қазақстан Республикасының құзыретті органымен және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен (уәкілетті органдармен) жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған (толықтыруларымен және өзгерістерімен) келісімшарттарды;

      8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (акциялары) туралы ақпаратты;

      9) тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;

      10) мәмілелер жасасу кезінде пайдаланылатын нарықтық бағалар жөніндегі ақпарат көзін;

      11) нарықтық бағаны айқындау үшін ұсынылатын әдісті;

      12) баға белгілеуге әсер ететін факторларға қатысты ақпаратты, нарықтағы беделін қоса алғанда, маркетингтік саясат (тауарлық, өткізу, бағалық, сондай-ақ тауардың рыноктағы жылжу саясаты), баға белгілеу әдіснамасы енетін бизнес стратегиясын қамтитын Келісім жасасу үшін қажет құжаттардың көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті жазбаша түрде және еркін түрде тапсырады.

      Осы тармақтың 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы оларды табыс етудің мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздеме тапсырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.04 № 905 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады), 05.06.2013 N 574; 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге (сатып алуға) байланысты құжаттарды да тапсырады.

      5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комитет Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам қол қойған Келісімді мәмілеге қатысушының атына жолдайды, ол қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылады.

      Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам Келісімге қол қойғаннан кейін мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Комитетке жібереді.

      Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Комитет мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:

      1) мәмілеге қатысушы Келісім жасасу үшін қажет және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін табыс ету мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздемені тапсырмаған кезде;

      2) Заңның 12-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген нарықтық бағаны айқындаудың өзге әдістерін қолдану мүмкіндігі болғанда;

      3) Заңның 18-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қажет болған кезде Комитет жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарды (ақпаратты) мынадай субъектілерден:

      1) мемлекеттік органдардан;

      2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;

      4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;

      5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;

      6) басқа да ұйымдардан сұратады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Комитеттің және мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданылу мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарттары бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.08.2018 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады