"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 98 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 536 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 98 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптарында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 34380614000 (отыз төрт миллиард үш жүз сексен миллион алты жүз он төрт мың) теңге және 042 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 2288677000 (екі миллиард екі жүз сексен сегіз миллион алты жүз жетпіс жеті мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады