Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беру мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалімен наградтау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының ІІремьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беру мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалімен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін наградталсын:
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығымен
Қасиетті Престолдың Дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесі (Ватикан);
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалімен
Абдельрахман Муса | - | Әл-Азхар Жоғарғы имамының сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі |
Аятолла Мохсен | - | Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы |
Муфти шейх Равиль | - | Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей Мүфтилері кеңесінің төрағасы |
Иларион | - | Волоколамск итрополиті, Мәскеу Патриархаты Шіркеудің сыртқы байланыстары бөлімінің төрағасы |
Мартин Юнге | - | Дүниежүзілік лютеран федерациясының бас хатшысы |
Ричард Аткинсон | - | Англикан шіркеуі Басшысының өкілі, Бэдфорд епископы |
Ван Ли | - | Қытай буддисттері қауымдастығының халықаралық бөлімі басшысының орынбасары |
Янг Ки Хун | - | "Чогечон" корей буддизмі орденінің Орталық Азиядағы тұрақты өкілі |
Кала | - | "Сомайя Бхаратия Санскрити Питам" үнді мәдениеті орталығының директоры |
Мухаммад Зия-уль-Хак | - | Халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры |
Цунекие Танака | - | "Джинджя Хонче" синтоист храмдары қауымдастығының президенті |
Хоми Буржор Дхалла | - | Заратуштра мәдени мұрасы дүниежүзілік кеңесінің президенті; |
Ицхак Йосеф | - | Израильдің бас сефард раввині |
Уильям Вендли | - | Діндер бейбітшілік үшін" дүниежүзілік конференциясының Бас хатшысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |