"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 618 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларында, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптар";

      8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өткізу пункттерін техникалық жарақтандыруға және жаңғыртуға қойылатын талаптар";

      мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:

      "10. Сервистік инфрақұрылым";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру тәртібін, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын адамдардың кесіп өтуінің, ол арқылы көлік құралдарын, жүктерді, тауарларды, жануарларды, өсімдік өнімдерін және өзге де мүлікті (бұдан әрі – көлік құралдары және жүктер) тасымалдаудың белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету үшін өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылау және бақылаудың өзге де түрлері жүзеге асырылады.";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткізу пункті жұмысының жалпы тәртібі (жұмысты бастау және аяқтау уақыты, технологиялық үзілістер) көлік ұйымдарының әкімшілігімен (әуежай, теңіз немесе өзен порты, шекаралық теміржол вокзалы, станция, автовокзал және өзге де көлік ұйымдарының басшыларымен) келісу бойынша бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі және шектес мемлекеттің шекаралық өкілдерімен келісіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Транзиттік көлік әлеуетін дамытуды, халықаралық қатынастың қарқындылығын, өткізу пункттерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шекарамаңы ынтымақтастығын дамыту және ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы іс-қимыл жасаудың сенімді деңгейі үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қатынастар түрлері бойынша жіктеуге, мәртебесіне, жұмыс режиміне, қатынас сипатына, жұмыс істеу тәртібіне байланысты өткізу пункттерінің мынадай санаттары белгіленеді:

      1) 1-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 1000 жолаушыдан жоғары және автокөлік құралы 200 бірліктен астам, мәртебесі – халықаралық;

      2) 2-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 800-1000 жолаушы және автокөлік құралы 180-200 бірліктен астам, мәртебесі – халықаралық;

      3) 3-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500-800 жолаушы және автокөлік құралы 50-180 бірлік, мәртебесі – екіжақты немесе халықаралық.

      1, 2, 3-санатты өткізу пункттері қозғалысы қарқынды әуежайларда, теңіз порттарында, теміржол станцияларында, автовокзалдарда және автомагистральдарда, жолаушылар мен көлік ағындарының қарқындылығына байланысты тәулік бойғы жұмыс режимімен құрылады;

      4) 4-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500 жолаушыға және автокөлік құралы 100-150 бірлікке дейін, мәртебесі – екіжақты немесе халықаралық;

      5) 5-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 300 жолаушыға және автокөлік құралы 100 бірлікке дейін, мәртебесі – екіжақты.

      4, 5-санатты өткізу пункттері жұмыс режимі күндізгі (тәуліктің жарық уақытында) автомобиль жолдарында, өзен өткізу пункттерінде құрылады және жолаушылар мен көлік ағындары қарқынына байланысты халықаралық немесе екіжақты мәртебеге ие болады.

      Өткізу пункттеріне санаттарға бөлу мемлекеттік бақылау органдарының құрылымдық бөлімшелерін қалыптастыру кезінде ескеріледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарына (әуежайлардағы, теңіз порттарындағы, теміржол станцияларындағы, автовокзалдардағы өткізу пункттері үшін бөлінген қызметтік үй-жайларға), олардың материалдық-техникалық жабдықталуына және жайластыруына, сәйкестігі, өткізілетін мемлекеттік бақылау сипатына және жолаушылар мен көлік құралдарының құжаттарын ресімдеу бойынша жүргізілетін операциялар бойынша, мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдар және мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері үшін жағдайды қамтамасыз ету бойынша талаптар қойылады.";

      39-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-бөліммен толықтырылсын:

      "10. Сервистік инфрақұрылым

      87. Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға ыңғайлы болу үшін шекаралық, кедендік бақылау режимдік аймақтарынан тыс жерлердегі өткізу пункттерінде мынадай сервистік инфрақұрылым қосымша орналасуы мүмкін:

      1) валюта айырбастау пункттері;

      2) дәмханалар (буфеттер);

      3) әртүрлі туристік, көліктік, сақтандыру және басқа да ұйымдардың офистері;

      4) пошта бөлімшесі, сөйлесу пункті;

      5) екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері;

      6) оқшаулағышы бар медпункттер;

      7) халықаралық көлік-логистикалық орталығы.

      Сервистік инфрақұрылымды ашуды (жабуды) және жұмысын ұйымдастыруды мемлекеттік кірістер органдарының және шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісу қажет.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады