Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "БҚМУ" КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі "БҚМУ" КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "БҚМУ" КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) "БҚМУ" КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және "БҚМУ" КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;
3) "БҚМУ" КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) "БҚМУ" КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 647 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақтөбе облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-8-жолмен толықтырылсын:
"133-8. "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-23-жолмен толықтырылсын:
"227-23. "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 41-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
"4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
"13. "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".