"Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 667 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сагынтаев

      Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып қайта аталуына және Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Шымкент қаласының әкімі "Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесін құруды қамтамасыз етсін.

      2. Түркістан облысының әкімі "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесін "Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесіне қайта құруды қамтамасыз етсін.

      3. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 438-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Жарлықтың бүкіл мәтіні бойынша "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:

      мына:

      "2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "17. "Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының штат саны осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША
 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері

Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала

Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі)

Ақмола

45

Ақтөбе

39

Алматы

52

Атырау

30

Шығыс Қазақстан

57

Жамбыл

39

Батыс Қазақстан

31

Қарағанды

49

Қостанай

46

Қызылорда

33

Маңғыстау

22

Павлодар

35

Солтүстік Қазақстан

39

Түркістан

51

Алматы қаласы

38

Астана қаласы

31

Шымкент қаласы

31

ЖИЫНЫ:

668


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады