Түркістан облысының білім беру, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 674 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Асанбай Асқаровтың есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "МТФ" шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ынтымақ" шағын жинақталған бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Лесхоз шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Арыс қаласының "Білім бөлімі" "Бірлік" шағын жинақталған бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Комсомол жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қаратау" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Отырар ауданы білім бөлімінің "Ақкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Отырар ауданы білім бөлімінің "Жұмагелді Егембердиев атындағы шағын жинақталған негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Көкарал" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы ауданы білім бөлімінің "Бәйдібек Төлепбаев атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 21 "Қызыл ту" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 21 "Келес" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 49 Ленин жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 49 "Болашақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 52 "Октябрь" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 52 "Сырдария" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 13 Қазақ ССР-нің 50 жылдығы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 13 "Мәңгілік ел" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады