2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 654,845 гектар жер учаскелері уран өндіру үшін орман қорының жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер санатына ауыстырылсын.
2. "КАТКО" Қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің балансына бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 556 қаулысымен.3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 682 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде: | |||
орман көмкерген | орман көмкермеген | жайылымдар | өзге жерлер | ||
Түркістан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі |
490,705 | 201,761 | - | 288,944 | - |
164,14 | 164,14 | - | - | - | |
Барлығы | 654,845 | 365,901 | - | 288,944 | - |