"Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 687 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып;

      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 687 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар


Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5


1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

Білім беру қызметі

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті


Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Діни білім беру

2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

Білім беру қызметі

Бастауыш білім беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері


Негізгі орта білім беру

Жалпы орта білім беру

Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру

Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады