1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орал халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамымен жалпы ауданы 4028,5 шаршы метр (кадастрлық нөмірі 08:125:046:112:1) аэровокзал асхана ғимараты стратегиялық объектісін және жалпы ауданы 0,5316 гектар (кадастрлық нөмірі 08-125-046-112) жер учаскесіне жекеменшік құқығын иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |