РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері, аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда реттеу мен бақылау, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеу;";
15-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"24) экономикалық шоғырлануды реттеу;";
мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:
"71-1) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;";
77) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1) және 77-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"77-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
77-2) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін әзірлеу және бекіту;";
117) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
"118-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізу;";
148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"148) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 148-1), 148-2), 148-3), 148-4), 148-5) және 148-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"148-1) мемлекеттік органдардың тексеру парақтарының нысанын және тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
148-2) кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
148-3) ақпараттық құралдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
148-4) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу;
148-5) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
148-6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органмен бақылау және қадағалау органдарының тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алу жөніндегі ақпаратпен алмасу бойынша өзара іс-қимылы;";
222) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"222) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындыны беру;";
266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"266) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарау;";
мынадай мазмұндағы 283-1) тармақшамен толықтырылсын:
"283-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
297) және 300) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 339-78) және 339-79) тармақшалармен толықтырылсын:
"339-78) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту;
339-79) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру тәртібін бекіту;";
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"79) экономикалық шоғырлануды реттеу;";
мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
"86-1) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жіберу;";
88-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"88-1) нарық субъектілеріне:
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді жою немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар беруге;";
мынадай мазмұндағы 92-10), 92-11), 92-12) және 92-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"92-10) экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхатты қарау;
92-11) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу;
92-12) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру тәртібін әзірлеу;
92-13) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін әзірлеу;";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпараттың;"
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"өткізілген сатып алу туралы ақпараттың;
нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаның нысандарын белгілеу және айқындау;";
мынадай мазмұндағы 106-1) тармақшамен толықтырылсын:
"106-1) мемлекеттік монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
5-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші, қырық тоғызыншы және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |