"Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 705 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 308 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 308 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысанында:

      мына:

      "

2.

Екінші кезек





1)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Екінші кезек бойынша жиыны:





  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Екінші кезек





1)

Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары






Жиыны:






Екінші кезек бойынша жиыны:





  ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімінің нысанында:

      мына:

      "

2.

Екінші кезек





1)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары






Жиыны:






Екінші кезек бойынша жиыны:





  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Екінші кезек





1)

Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары






Жиыны:





3)

Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары






Жиыны:






Екінші кезек бойынша жиыны:





  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады