"Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 743 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 77, 1011-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына:


      Жұрынов Мұрат - Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының президенті;

      Әбдірасылов - Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Болатбек Халықаралық Қазақ-Түрік
Серікбайұлы университетінің президенті (ректоры) енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан: Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов және Уәлихан Сейділдәұлы Әбдібеков шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады