Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген тұлғалардың бюджет қаражаты шығыстарын өтеу немесе өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;";
3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылда, кентте, ауылдық округте (бұдан әрі – ауылдық жер) орналасқан тиісті мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, қызметін ветеринария саласында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.
3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын:
1) жас мамандар және философия (РhD) докторлары оқуды аяқтайтын Қазақстан Республикасының тиісті жоғары оқу орындарының жанында – медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды қоспағанда, осы Қағидалардың 3, 3-1, 4, 4-1 және 5-тармақтарында көрсетілген азаматтарды жұмысқа дербес бөлу үшін;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанында – медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу үшін құрылады.
Бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ережені білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) бекітеді.
8. Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЖОО-ларда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады;
2) бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып:
ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде;
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде түскен, ағымдағы жылғы түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдайды;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған өтінімдерге сәйкес тоқсан сайын бөлу жөніндегі комиссияларға:
мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы, мемлекеттік медицина ұйымдарындағы, қызметін ветеринария саласында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелеріндегі не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардағы;
мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы;
меншік нысанына қарамастан ұйымдардағы кадрлардағы қажеттіліктер туралы ақпарат береді;
4) бөлу жөніндегі комиссиялар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін олардың әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) жас маман келгеннен кейін бір айдың ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жұмыс орны және берілетін әлеуметтік көмек түрі туралы мәліметтерді (болған жағдайда) ұсына отырып, бөлуге сәйкес келгені туралы растау жібереді;
2) жыл сайын, 1 қыркүйекке қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына 2012 жылдан бастап жұмыс істеп жатқан жас мамандардың тізімін жібереді;
3) жас маманның жұмыстан шығарылғаны туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдарға, сондай-ақ бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұрақты тұрып жатқан адамдардың қамқоршысы және қорғаншысы болып табылатын адамдарға беріледі.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Философия (РhD) докторларын жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЖОО-ларда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда философия (РhD) докторларын жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады;
2) ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар тиісті бос орындар болған жағдайда, жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, уәкілетті органдарға ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардағы кадрлардағы қажеттіліктер туралы өтінім жібереді;
3) бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, уәкілетті органдарға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия (PhD) докторларын даярлау бағдарламасы бойынша докторантураға түскен және оқуды ағымдағы жылы бітіретін адамдардың тізімін жібереді;
4) уәкілетті органдар бөлу жөніндегі комиссияларға философия (PhD) докторларының бос жұмыс орындары бар екендігі туралы ақпарат жібереді.
15. Философия (PhD) докторларын дербес бөлу ұсынылған құжаттар және уәкілетті органдар ұсынған ақпарат негізінде, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрлардағы қажеттігі туралы өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Жұмысқа бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, бөлу жөніндегі комиссиялар жас мамандарды және философия (Phd) докторларын жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жібереді.";
мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
"17-2. Жас мамандар және философия (Phd) докторлары жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жолдама алғаннан кейін Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген тәртіппен оқу бітірген жылғы 1 қыркүйектен кешікпей жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасайды және жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас маман және философия (РhD) докторы өздерін оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы арқылы бюджетке өтейді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ЖОО жыл сайын, 15 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органдарға жас мамандар мен философия (РhD) докторларын жұмысқа бөлу туралы ақпаратты ұсынады және бөлу жөніндегі барлық материалдарды бөлу туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жібереді.
25. Жас маманмен немесе философия (РhD) докторымен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей тиісті растайтын құжаттарды ұсыну арқылы бұл туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына хабарлайды. Бұл ретте, егер олармен жасалған еңбек шарты жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуы, сондай-ақ қызметкерлер штатын немесе санын қысқарту негіздері бойынша бұзылған болса, жас мамандар және философия (РhD) докторлары қайта бөлінуге жатады.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. ЖОО-лар жыл сайын, 1 қазаннан кешіктірмей уәкілетті органдарға осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша жас мамандар мен философия (РhD) докторларын жұмысқа қайта бөлу туралы ақпаратты ұсынады және қайта бөлу туралы барлық материалдарды қайта бөлу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жібереді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жас мамандардың және философия (РhD) докторларының жұмысты өтеу немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражаты шығыстарын өтеу жөніндегі міндеттерін орындауына мониторинг жүргізуді және оның сақталуын бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы укілетті органның операторына жүктеледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы өз құзыреті шегінде:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерін орындауына мониторинг жүргізу мақсатында жас мамандар және философия (РhD) докторлары бойынша дерекқор қалыптастырады және жүргізеді, ұсынылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының және білім беру саласындағы уәкілетті органның көмегімен бөлу жөніндегі комиссиялар шешімдерінің орындалу мониторинг жүргізеді;
3) жас мамандар мен философия (РhD) докторлары Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерін бұзған жағдайда, бюджеттің оларды оқытуға байланысты шығыстарын олардың өтеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.";
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |