Ақтөбе облысының "Хобдинский район" деген атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "Кобдинский район" деп өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 794 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Ақтөбе облысының "Хобдинский район" деген атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "Кобдинский район" деп өзгерту туралы" Қазақстан Республикасыньщ Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

"Ақтөбе облысының "Хобдинский район" деген атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "Кобдинский район" деп өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Ақтөбе облысының "Хобдинский район" деген атауының орыс тіліндегі транскрипциясы "Кобдинский район" болып өзгертілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады