Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету, оның ішінде елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін бес жылдық кезеңге болжамдау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |