Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 827 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысында:

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Байқоңыр ауданы әдiлет басқармасының, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлеріне лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және еңбегiне ақы төлеу "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысының негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлеріне қолданылады.".

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):

      1) 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың осы мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілген күнге дейінгі лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін.";

      2) қызмет бабында пайдалану үшін;

      3) 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулының ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне қолданылмайды.

      6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және бонустар төлеу бөлігінде 2020 жылғы 30 маусымға дейін қолданылатын осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.";

      4) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      пилоттық органдардың тізбесінде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті Байқоңыр ауданының әдiлет басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

      "12. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы.

      13. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органы.";

      5) көрсетілген қаулыға 2-қосымша қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) қызмет бабында пайдалану үшін;

      7) қызмет бабында пайдалану үшін;

      8) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Маңғыстау облысының әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 827 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
2-қосымша

Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның атауы

Функционалдық блоктағы* деңгейлер**

SCS

A

B

C

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы

15

-

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы

14

-

-

-

Облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаланың әкімін қоспағанда), облыс ауданының және қаладағы ауданның әкімі

13

-

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның ведомствосының департамент директоры
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директоры

-

12

11

10

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

-

12

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы
Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының орынбасары Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары

-

11

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның ведомствосының департамент директорының орынбасары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директорының орынбасары

-

11

10

9

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары Облыстың ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының басшысы

-

10

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының басшылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі
Астана әкімінің кеңесшісі Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшысы

-

9

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы басқармасының (қызметінің) басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқарма басшысы Астана әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

9

8

7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

-

-

9

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісі Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшыcының орынбасары Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің орынбасары

-

8

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласының әділет департаменті аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

8

7

6

Астана әкімі аппаратының бас инспекторы

-

8

7

6

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Астана әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

8

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

7

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының бөлім басшылары Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

-

7

6

5

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісі

-

7

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосының бас консультанты
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас инспекторы

-

7

6

5

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі Астана әкімінің көмекшісі

-

-

-

6

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кеңесшісі

-

6

-

-

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің сектор меңгерушісі Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшенің басшысы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның ведомствосының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас сарапшысы
Астана әкімі аппаратының бас маманы Астана әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы
Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманы

-

6

5

4

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі

-

-

-

5

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның ведомствосының аумақтық органының бас маманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласының Әділет департаментінің бас маманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Астана қаласы Әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының бас мамандары
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманы Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманы Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, қала ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманы Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласының Әділет департаментінің аумақтық бөлімінің сот орындаушысы
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

-

5

4

3

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің көмекшісі

-

-

-

4

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының бас маманы

-

4

3

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сарапшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сарапшысы

-

4

3

2

Астана әкімі аппаратының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманы Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

4

3

2

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының жетекші мамандары Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының жетекші маманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің жетекші маманы Облыс, қала ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманы Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің жетекші маманы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

3

2

1

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының жетекші маманы

-

2

1

-

      Ескертпе:

      * Деңгей – мемлекеттік әкімшілік лауазымның позициясын оны бағалау нәтижесіне байланысты айқындайтын және лауазымдық айлықақы белгілеу үшін қолданылатын көрсеткіш.

      Мемлекеттік әкімшілік лауазымды бағалау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды пилоттық режимде бағалау және деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

      ** SCS функционалдық блогы (жоғары басқару персоналы) – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      А функционалдық блогы (негізгі персонал) – "Б" корпусының мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа пилоттық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.

      В функционалдық блогы (жәрдемдесуші персонал) – негізгі немесе қосалқы персоналға жататын лауазымдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа мемлекеттік органның ішкі аудит, жұртшылықпен байланыс, заңдық сүйемелдеу, қаржы, кадр және оның қызметін ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің лауазымдары, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары жатады.

      Егер көрсетілген қызмет түрлері мемлекеттік органның салалық қызметі болып табылған жағдайда, бұл лауазымдар "А" функционалдық блогына жатқызылады.

      С функционалдық блогы (қосалқы персонал) – "Б" корпусының әкімшілік-шаруашылық қызметті, мемлекеттік орган немесе жоғары тұрған орган тапсырмаларының орындалуын ішкі бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшісі лауазымдары да жатады.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын функционалдық блоктарға бөлуді қандай да бір уақыт кезеңінде мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге қарай дербес жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады