Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы оған "NADLoC" жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атауды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.02.2019 № 75 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 830 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-41-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 359-8-жол алып тасталсын.

      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.02.2019 № 75 қаулысымен.

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 53.38-жол алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады