"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 832 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 158-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық депозитарий беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.";

      16-1-тармақтың үшiншi бөлiгiнің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алмастыруға жататын қазынашылық міндеттемелердің ISIN-і;

      2) жаңа шығарылымның ISIN-і;";

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы арқылы өтінім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін ("ISIN"___________) (бұдан әрі – облигациялар) сатып алу ниеті туралы хабарлайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінім берушінің ЖСН |____________________|".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады