Мемлекеттік мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 850 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 850 қаулысына
қосымша

"Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге республикалық меншіктен берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі


Р/с

Мүліктің атауы

Сериялық нөмірі

Орналасқан
орны

1.

Рентгентелевизиялық аппарат

TFNPAVIII-
160292

Көкшетау қаласы

2.

Рентгентелевизиялық аппарат

TFNPAVIII-
160163

Көкшетау қаласы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады