"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан қаласындағы объектілердің құрылысын қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 853 қаулысына қосымша |
Құрылысын қаржыландыруды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қамтамасыз ететін Түркістан қаласындағы объектілердің Тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.04.2019 № 235; 16.08.2019 № 604 қаулыларымен.
1. 7000 орындық стадион.
2. Оқушылар сарайы.
3. Қожа Ахмет Яссауи музейі.
4. Цифрлық офис.
5. "Smart City" жобасы және байланыс желілерін жүргізу.
7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2019 № 235 қаулысымен.8. Амфитеатр.