"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 893 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақша iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервтерінен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның белгiленген тәртiппен әзiрленген және қабылданған қаулысы негiзінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервiн қалпына келтіру жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды қамтамасыз етедi.

      Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақша пайдаланылмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервтерінен қаражат бөлу туралы қаулысының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның белгiленген тәртiппен әзiрленген және қабылданған қаулысы негiзінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервiн қалпына келтіру жолымен бөлiнген ақшаны қайтаруды қамтамасыз етедi.

      Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі) айқындалған тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервтерінен алынған ақшаны төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылының ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған кезде тиісті жергілікті атқарушы орган бұл туралы қаражат бөлген жоғары тұрған бюджет әкімшісіне хабарлайды.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы не оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысын белгіленген тәртіппен әзірлейді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртiппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.

      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы не оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.

      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, пайдаланылмаған қаражатты жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақшаны қаржы жылы ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы орган бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен бөлінген ақша ағымдағы қаржы жылы ішінде ішінара пайдаланылған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен қаражат бөлу туралы өзінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізеді.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен бөлінген ақша ағымдағы қаржы жылы пайдаланылмаған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен қаражат бөлу туралы өзінің құқықтық актісінің күшін жоюға қояды.

      Тиісті құқықтық акті қабылданғаннан кейін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртiппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.

      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісіне өзгерістер енгізілгеннен не оның күші жойылғаннан кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.

      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, пайдаланылмаған қаражатты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады