"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Маяковский атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Салқынтөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Шевченко атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Қаражал негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Өскемен қаласы әкімдігінің "Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің "Негізгі орта мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |