"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 917 қаулысы.

      РҚАО-ның ескерпесі!
      Осы қаулы 2018 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескертпе:

      * 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚ ТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;

      ** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;

      *** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың жол маңындағы жолағында орналасқан.".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады