Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 930 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 930 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 16, 67-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік басқару академиясының филиалында қайта даярлаудан өтуге жіберілетін, Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың С-1, С-2, С-3, С-4, С-5 санаттарының мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, Мемлекеттік басқару академиясында "Б" корпусының "А", "В" санаттары топтарының, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2 санаттарының мемлекеттік қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.".

      3. "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысында:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 25-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДМ (жинақтау), ЖАО";

      реттік нөмірі 27-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДМ (жинақтау), Қаржымині, ҰЭМ";

      реттік нөмірі 47-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДМ (жинақтау), БҒМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), ЖАО";

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады