"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бұрған ауылындағы "Мектеп-балабақша" кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Сәдуақас Бигелдиевтің;
2) Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 35 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімдері берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Балқаш аудандық білім бөлімінің "№ 1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бар" мемлекеттік коммуналдық мекемесі – Балқаш аудандық білім бөлімінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
2) "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |