"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік (бұдан әрі – мүлік) республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесінің балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 42 қаулысына қосымша |
Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с № | Жылжымайтын мүлік объектісінің атауы |
Жылжымайтын | Кадастрлық нөмірі | Жалпы ауданы |
Баланстық құны, |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Әкімшілік ғимарат |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, | 21:319:013:180:37 |
2297,3 | 212 729 409,34 |
2. | Жер учаскесі |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, | 21:319:013:180 |
0,3377 | 54 650 000 |