Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібін айқындайды.

      2. Медальдар, төсбелгілер (бұдан әрі – наградалар) беру кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы шарасы болып табылады.

2. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібі

      3. Мына:

      1) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуде клиенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде жоғары кәсіптік шеберлігімен;

      2) кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына елеулі үлес қосуымен ерекшеленген адвокаттың, заң консультантының кәсіптік қызметіндегі жетістіктер ынталандыру шараларымен атап өтіледі.

      Адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына қосқан елеулі үлесін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы айқындайды.

      4. Адвокаттарды, заң консультанттарын марапаттау туралы ұсыныстарға Республикалық адвокаттар алқасы, заң консультанттарының палаталары бастамашылық етеді, олар заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар (бұдан әрі – марапаттау туралы ұсыныс, уәкілетті орган) жібереді.

      5. Марапаттау туралы ұсыныстар уәкілетті органға мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеуге дейін кемінде 2 ай қалғанда ұсынылады.

      6. Уәкілетті орган марапаттау туралы мәселені қарайды, қажетті құжаттарды дайындайды және күнтізбелік 10 күн ішінде марапаттау туралы бұйрық қабылдайды.

      7. Наградалар салтанатты жағдайда марапатталушының жеке өзіне тапсырылады.

      8. Наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады