Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар):
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Апта сайын бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізуді көздейтін барлық деңгейдегі әкімдіктердің жыл сайынғы спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуі (кемінде 52 іс-шара) | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (қаңтар) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
2. |
Халықтың | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (қаңтар) | - | қаражат талап етілмейді |
3. |
Халықтың нысаналы топтары арасында Тұңғыш Президент – Елбасы | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
4. | Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клубтарында ашық есік күндерін өткізу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) | - | қаражат талап етілмейді |
5. | "Елдің спорттық өмірі орталығы" өңіраралық спорттық эстафетаны ұйымдастыру | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
6. | Бұқаралық, ұлттық және мүгедек спортшылар арасында спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау және өткізу | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: 240,0; | республикалық бюджет (035100, 036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
";
реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. | Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадалар, Универсиадалар және республикалық жастар ойындарын, баскетболдан, волейболдан, футболдан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын өткізу | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
13. | "Айбын" әскери-патриоттық жастар республикалық жиынын өткізу | Қорғанысминіне ақпарат | МСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (047 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
";
реттік нөмірлері 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Қазақстан Республикасы аумағындағы спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға ұлттық құрама командалардың дайындығы және қатысуы | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
19. | Ұлттық құрама командалардың спорт түрлері бойынша Қазақстан аумағынан тыс халықаралық жарыстарға қатысуы | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
";
реттік нөмірлері 21 және 21-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
21. | Жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындарына дайындық және оған қатысу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері |
2016 жылғы желтоқсан, |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
21-1. | Ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" фестивалін ұйымдастыру және өткізу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, "Ұлттық және ат спорты орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: |
республикалық бюджет: |
";
реттік нөмірі 21-4-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34. | Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ |
жыл сайын (желтоқсан), |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |