"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 56 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71 -құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлім мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларға бірінші және екінші бағыт бойынша кредит беру осы Жоспарға қосымшаға сәйкес тамақ өнеркәсібінің қаржыландыруға арналған салаларының тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаның нысаналы мақсатын растау үшін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) нақты кодына байланыстырылған тізбеден кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген бөлімде:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға қаржыландырудың ең жоғары лимиті - 1850000000 (бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңге;";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) оң қорытындысы қажет. Ол үшін "Даму" КДҚ" АҚ уәкілетті органға сұрау салу мен мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жобаны іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.

      Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсынады.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген тарауда:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті - 5000000000 (бес миллиард) теңгеге дейін;";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, уәкілетті органның оң қорытындысы қажет. Ол үшін "ҚДБ" АҚ уәкілетті органға сұрау салу мен мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.

      Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсынады.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 ақпандағы
№56 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
өңдеу енеркәсібінде кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландыруды
қамтамасыз ету жөніндегі
бірлескен іс-қимыл жоспарына
қосымша

Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі

р/
с

Тауарла
Р
тобының
атауы

ЭҚЖЖ
атауы

ЭҚЖЖ
коды

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

6

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 10-бөлімі)

1

Ет және құс еті өнімдері

1

Ет өңдеу және консервілеу

1011

Ұшадағы/шағын ұшаға немесе бөліктерге бөлінген жас немесе мұздатылған етті өндіру, сондай-ақ үй құсы етінің майын шыжғыру.
Кесілген қауырсын мен мамық өндіру.
Мал соятын жерлерде тері және былғары өңдеу.
Шошқа майын және басқа да жануарлардан алынатын жеуге болатын майларды шыжғыру.
Жануарлардың ішек-қарнын өңдеу.
Жұлынған жүнді өндіру.

2

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

3

Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған
өнімдерді
өндіру

1013

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндіру.

Ет өнімдерін өндіру: шұжықтар, салями, қанқызыл шұжық, құрғақ
шұжық, сервелат, болон ысталған шұжығы, бас, орама, пісірілген ветчина.



2

Балықтан
жасалған
өнімдер

4

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

1020

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды дайындау және сақтау: тоңазыту, терең тоңазыту, кептіру, өңдеу, ыстау, тұздау, консервілеу және т.б.
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өндіру: балықтың сүбе еті, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б. өндіру Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарлар азығы үшін балық өнімдерін өндіру.
Балықтан және адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз жануарлардың судағы түрлерінен ұн және еритін заттарды өндіру. Теңіз балдырларын қайта өңдеу.

3

Сүт
өнімдерін
өндіру

5

Сүтті өңдеу және сырды өндіру

1051

Жас табиғи сүтті, пастерленген сүтті, зарарсыздандырылған сүтті, гомогенделген сүтті және/немесе ультра тазартылған сүтті өндіру.
Сүт негізіндегі сусындарды өндіру.
Жаңа қаймағы алынбаған, пастерленген,
зарарсыздандырылған және гомогенизирленген сүттен кілегей өндіру.
Тәттілендірілген немесе тәттілендірілмеген құрғақ немесе концентратталмаған сүтті өндіру.
Сары май, йогурт, сыр және ірімшік, мәйек, казеин немесе лактоза өндіру.

6

Балмұздақ
өндіру

1052

Балмұздақ өндіру.

4

Өсімдік және мал майы мен
тоң
майын
өндіру

7

Май және тоң май өндіру

1041

Зәйтүн, соя, пальма, күнбағыс, мақта, paпс, қыша, зығыр және т.б. майын өндіру.
Майлы дақылдар дәндерінен, жаңғақтардан немесе дәндерден және ортасындағы дәннен майсыздандырылған ұнды немесе ұншаны өндіру.

8

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

1042

Маргаринді өндіру.
Тамақ дайындау үшін аралас майларды өндіру.

5

Қант
және
қанттан
жасалған
өнімдер

9

Қант өндіру

1081

Қантты (сахарозаны) және қант қамысы, қызылша, үйеңкі және пальма шырынынан құрамында қант бар заттарды өндіру немесе тазарту.
Қант сиробын өндіру.
Қара сірне өндіру.
Үйеңкі сиробын және қант өндіру.

6

Балалар
тағамы

10

Балалар
тағамын
және
емдәмдік
тамақ
өнімдерін
өндіру

1086

Ерекше диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тамағын, қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін, кіші жастағы балаларға арналған тамақ өнімдерін, салмақты қадағалағауға арналған калориясы аз және калориясы жоғары өнімдерді.

7

Астықты
терең
өңдеу
өнімдері

11

Крахмал
және
крахмал
өнімдерін
өндіру

1062

Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал өндіру.
Шикі жүгеріні ұсақтау.
Глюкоза, қант шәрбатын, мальтоза, инулин өндіру
Балауыз өндіру.
Тапиока мен крахмал қоспаларын өндіру.
Жүгері майын өндіру.

8

Ұн тарту өнеркәсібі
өнімдерін крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру

12

Ұн-жарма
өнеркәсібінің
өнімдерін
өндіру

1061

Ұн қоспаларын және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған ұн қоспаларын, дайын ұн қоспалары мен қамырларын өндіру.
Ұнды, жарманы, ұншаларды немесе бидай қауыздарын, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарын өндіру

Макарон
өнімдерін
өндіру

1073

Макарон өнімдері.

9

Дайын
тамақ
өнімдері

13

Дайын тағам өнімдерін өндіру

1085

Ет тағамдарын, соның ішінде үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру.
Балықтың тартылған етін қоса, балық тағамдарын өндіру.
Көкөністерден тағамдар дайындау.
Тоңазытылған пиццаны немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пиццаны өндіру.

14

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаудың өзге де түрлері

1039

Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, консервілеу және т.б.
Жемістер мен көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру.
Джем, мармелад және асханалық желе өндіру.
Жаңғақтардан қоймалжың және басқа тамақ өнімдерін өндіру.

15

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

Өңделген тоңазытылған картопты өндіру, кұрғақ картоп пюресін өндіру, картоптардан жеңіл тамақтарды өндіру, картоп чипстерін өндіру, картоп ұнын және ұншаларын өндіру.

16

Басқа
санаттарға
енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру

1089

Жұмыртқа өнімдерін, жұмыртқа альбуминін өндіру.
Ашытқылар өндіру.

10

Сусындар
өндіру

17

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

Жемістерден немесе көкөністерден шырындарды өндіру.

11

Жануарла
рға
арналған
дайын
азықтар
өндіру

18

Үй
жануарлары үшін дайын тамақ өнімдерін өндіру

1092

Жануарларға арналған концентратталған азықты және азықтық қоспаларды қоса, фермалардағы жануарларға арналған дайын азықтар өндіру.
Иттерді, мысықтарды, құстарды, балықтарды және т.б. қоса, үй жануарлары үшін дайын азықтар өндіру.

19

Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтар өндіру

1091


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады