Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген 3-бөлімде:
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Соңғы қарыз алушылардың осы Жоспарға 1-1-қосымша мен техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің С секциясы (Өңдеу өнеркәсібі) 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07-сыныбына сәйкес келетін тамақ өнеркәсібі саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі - кредит сомасының кемінде 25 %-ы.";
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген төртінші бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Нысаналы топ - оларға кредит беру осы Жоспарға 1-1-қосымшаға сәйкес тамақ өнеркәсібінің қаржыландыруға арналған салаларының тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) сәйкес жүзеге асырылатын тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес жобаларды өңдеу өнеркәсібінде іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОК субъектілері. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаның нысаналы мақсатын растау үшін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) нақты кодына байланыстырылған тізбеден кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ кодтарына жатқызу сәйкестік өлшемшарты болып табылады.";
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ШОК субъектісіне арналған қаржыландыру лимиті - 1850000000 (бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңге;";
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) оң қорытындысы қажет. Ол үшін "Даму" КДҚ" АҚ уәкілетті органға сұрау салу және мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жобаны іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.
Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.";
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесінде:
мына:
"
Тамақ өнімдерінің өндірісі | 10 |
"
деген жол алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі
р/ |
Тауарлар | № |
ЭҚЖЖ |
ЭҚЖЖ | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ | |||||
1 | Ет және құс еті өнімдері | 1 | Ет өңдеу және консервілеу | 1011 |
Ұшадағы/шағын ұшаға немесе бөліктерге бөлінген жас немесе мұздатылған етті өндіру, сондай-ақ үй құсы етінің майын шыжғыру. |
2 | Үй құсының етін өңдеу және консервілеу | 1012 | |||
3 |
Ет өнімдерін және үй | 1013 | Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндіру. | ||
Ет өнімдерін өндіру: шұжықтар, салями, қанқызыл шұжық, құрғақ шұжық, сервелат, болон ысталған шұжығы, бас, орама, пісірілген ветчина. | |||||
2 |
Балықтан | 4 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | 1020 |
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды дайындау және сақтау: тоңазыту, терең тоңазыту, кептіру, өңдеу, ыстау, тұздау, консервілеу және т.б. |
3 |
Сүт | 5 | Сүтті өңдеу және сырды өндіру | 1051 |
Жас табиғи сүтті, пастерленген сүтті, зарарсыздандырылған сүтті, гомогенделген сүтті және/немесе ультра тазартылған сүтті өндіру. |
6 |
Балмұздақ | 1052 | Балмұздақ өндіру. | ||
4 | Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру | 7 | Май және тоң май өндіру | 1041 |
Зәйтүн, соя, пальма, күнбағыс, мақта, paпс, қыша, зығыр және т.б. майын өндіру. |
8 | Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру | 1042 |
Маргаринді өндіру. | ||
5 |
Қант | 9 | Қант өндіру | 1081 |
Қантты (сахарозаны) және қант қамысы, қызылша, үйеңкі және пальма шырынынан құрамында қант бар заттарды өндіру немесе тазарту. |
6 |
Балалар | 10 |
Балалар | 1086 | Ерекше диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тамағын, қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін, кіші жастағы балаларға арналған тамақ өнімдерін, салмақты қадағалағауға арналған калориясы аз және калориясы жоғары өнімдерді. |
7 |
Астықты | 11 |
Крахмал | 1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал өндіру. |
8 |
Ұн тарту өнеркәсібі | 12 |
Ұн-жарма | 1061 |
Ұн қоспаларын және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған ұн қоспаларын, дайын ұн қоспалары мен қамырларын өндіру. |
Макарон | 1073 | Макарон өнімдері. | |||
9 |
Дайын | 13 | Дайын тағам өнімдерін өндіру | 1085 |
Ет тағамдарын, соның ішінде үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру. |
14 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаудың өзге де түрлері | 1039 |
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, консервілеу және т.б. | ||
15 | Картопты өңдеу және консервілеу | 1031 | Өңделген тоңазытылған картопты өндіру, құрғақ картоп пюресін өндіру, картоптардан жеңіл тамақтарды өндіру, картоп чипстерін өндіру, картоп ұнын және ұншаларын өндіру. | ||
16 | Басқа санаттарға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру | 1089 |
Жұмыртқа өнімдерін, жүмыртқа альбуминін өндіру. | ||
10 |
Сусындар | 17 | Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру | 1032 | Жемістерден немесе көкөністерден шырындарды өндіру. |
11 |
Жануарла | 18 |
Үй |
Жануарларға арналған концентратталған азықты және азықтық қоспаларды қоса, фермалардағы жануарларға арналған дайын азықтар өндіру. | |
19 | Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтар өндіру |