Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 және "Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 58 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 428-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 12 ақпандағы
№ 58 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 489 қаулысына
қосымша

Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)

Р/с №

Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы

Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы

1

2

3

Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау

1

Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия

1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);
3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
4) құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау;
5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);
6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау;
7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;
8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
9) құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында мұнайдың төгiлуін болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар;
10) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану;
11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

2

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия

1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
2) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық аудит.

  Қазақстан Республикасы
  Yкiметiнiң
2019 жылғы 12 ақпандағы
№ 58 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
1-қосымша

Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1.

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік

2.

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат

3.

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 12 ақпандағы
№ 58 қаулысына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
2-қосымша

Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Р/с №

Екінші санаттағы рұқсаттар

Уәкілетті орган

Келісуші мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады