"1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге Хаттаманы iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 637а қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 65 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге Хаттаманы iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 637а қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдары мен "Хвалынское" кен орнының көмiрсутектi ресурстарын барлау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi ұйым болып тағайындалсын.";

      1-1-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), геологиялық құрылымын бірлесіп игеру жөнiндегi уәкілетті ұйымның ауысқаны туралы Ресей тарапын хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады