"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 106 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 9-10, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 наурыздағы
№ 106 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 1 наурыздағы
№ 100 қаулысына
қосымша

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады