Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 15 наурыздағы № 110 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Салық салынатын табысына Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 162-құжат).
2. "Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 163-құжат).
3. "Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 601-құжат).