Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы байланыс операторларының Қазақстан - Әзербайжан маршруты бойынша Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін бірлесіп салуға, иеленуге және пайдалануға жәрдемдесуін ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы байланыс операторларының Қазақстан - Әзербайжан маршруты бойынша Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін бірлесіп салуға, иеленуге және пайдалануға жәрдемдесуін ұйымдастыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 119 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы байланыс операторларының Қазақстан - Әзербайжан маршруты бойынша Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін бірлесіп салуға, иеленуге және пайдалануға жәрдемдесуін ұйымдастыру туралы
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Әзербайжан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады)
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы байланыс және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына сүйене отырып,
транзиттік және басқа да қызметгерді ұсыну бойынша техникалық мүмкіндіктерді арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының және Әзербайжан Республикасының коммуникациялық желілерін біріктіруге ұмтыла отырып,
халықаралық телекоммуникация желілері мен магистральдарды әртараптандыру және олардың тиімділігін арттыру қажеттілігін растай отырып,
Қазақстан - Әзербайжан маршруты бойынша Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық кабельді магистраль салу және оны пайдалану үшін өздерінің егемен құқықтарын іске асыра отырып,
телекоммуникациялар саласындағы инвестициялар тарту мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өздерінің егемен құқықтарын, халықаралық құқықтың тиісті нормалары мен қағидаттарын, Тараптар арасындағы Каспий теңізінің түбін секторалдық бөлуге және оның мәртебесіне қатысты халықаралық шарттарды және осы Келісімнің ережелерін негізге ала отырып, осы Келісімге қосымшада көрсетілген байланыс операторларының "Қазақстан - Әзербайжан маршруты бойынша Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу, иелену және пайдалану" жобасын (бұдан әрі "Жоба" деп аталады) іске асыруына (оның ішінде тиісті рұқсаттар беруде) жәрдемдесетін болады. Осы Келісімге қосымшада көрсетілген байланыс операторларын Тараптар дербес айқындайды.
2-бап
Жобаны іске асыру үшін осы Келісімге қосымшада керсетілген байланыс операторлары өздері жеке келісімде айқындаған шарттарда бірлескен кәсіпорын құрады.
3-бап
Тараптар осы Келісім шеңберінде алмасу жүзеге асырылатын құпия ақпаратты қорғау, сондай-ақ құпия ақпаратты берген Тараптың жазбаша келісімінсіз осы мәліметтерді ашуға және үшінші тұлғаларға таратуға жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Осы баптың мақсаттары үшін Тарап ұсынған, "Құпия" белгісі немесе "Құпия" деген сөзден туындайтын кез келген басқа сөз немесе сөз тіркесі бар кез келген ақпарат құпия болып саналады.
4-бап
Жобаны ұстау шығындары мен онымен байланысты шығыстар осы Келісімге қосымшада көрсетілген байланыс операторларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5-бап
Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
6-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану барысында туындаған даулар Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Келісімнің 8-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Осы Келісім мерзімсіз болып табылады және өз қолданысын Тараптардың өзара келісуі бойынша ғана тоқтатуы мүмкін.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтату міндеттемелері ол қолданыста болған кезеңде туындаған және оны тоқтату сәтінде орындалмаған бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуына әсер етпейді.
Жобаны іске асыру үшін тартылатын жеке инвестицияларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы Келісім Тараптардың "Қазақстан - Әзербайжан" маршруты бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша бірдей жоба құруға немесе баламалы жұмыстар жүргізуге жол бермеу туралы уағдаластығын көрсетеді. Көрсетілген шарт осы Келісім күшіне енгеннен кейін 10 (он) жыл бойы орындалуға міндетті.
2019 жылғы "__" _______ қаласында екі төлнүсқа данада,
әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің теңтүпнұсқалығы бірдей.
Осы Келісімді түсіндіру және қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Әзербайжан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының байланыс операторлары:
"Transtelecom" акционерлік қоғамы және "KazTransCom" акционерлік қоғамы
Әзербайжан Республикасының байланыс операторы:
"AzerTelecom" жауапкершілігі шектеулі қоғамы
Бұл ретте осы Жобадағы Қазақстан Республикасының азайтылмайтын үлесі - 50 %, Әзербайжан Республикасының азайтылмайтын үлесі - 50 %.
Тараптар ұйымдарының атаулары және/немесе меншік нысаны өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар және Тараптармен келісілген басқа да байланыс арналары арқылы хабардар етеді.