Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Асқар Ұзақбайұлы Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің өкілеттіктерінен босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |