Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 150 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "126-1) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      126-2) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады