Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 173 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына "Astana Aviation Services" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы ауданы 2652,2 шаршы метр (кадастрлық нөмірі 21:320:054:330:119) бизнес авиация терминалын кемінде бір жыл мерзімге жалға беру түрінде пайдалану құқығына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады