Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2018 жылғы 18 маусымда Мәскеуде жасалған хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 209 қаулысымен бекітілген |
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы ХАТТАМА
Беларусь Республикасының Үкіметі және Беларусь Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Ресей Федерациясының Орталық банкі, бір тараптан, Армения Республикасының Үкіметі және Армения Республикасының Орталық банкі, екінші тараптан,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабының төртінші абзацын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Хаттама арқылы Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге қосылады.
Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісім күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.
2018 жылғы "18" маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін |
Беларусь РеспубликасыныңҰлттық банкі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі үшін |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасыныңҰлттық банкі үшін |
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңОрталық банкі үшін |
Армения Республикасының Үкіметі үшін |
Армения РеспубликасыныңОрталық банкі үшін |