"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24,146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24,196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат;№ 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжаттар; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4,7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15,47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; 2018 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      53-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;";

      5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын беру және сақтау;".

      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15,71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2,21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13,45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24,115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      77-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын беру, сақтау және шығару;".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I,18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I,101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V,152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III,109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; 2018 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      804-баптың бірінші бөлігінің 68) тармақшадағы "адамдардың құқығы бар." деген сөздер "адамдардың;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 69) тармақшамен толықтырылсын:

      "69) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органның (462-бап) құқығы бар.".

      4. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-II, 104-құжат):

      1)1-баптың13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған Қазақстан Республикасы Қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі;";

      2) 5-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 7-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, экономика салаларынан арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау тәртібін бекітеді;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      4) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3-2) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшем шарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;";

      "9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлілігі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;";

      5) 8-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған, олардың орындалуына мемлекеттік органдардың бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімділігі қамтылуы тиіс шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы экономика салаларын дайындауды жүзеге асырады;";

      6) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қарулы Күштерді дайындауды жүзеге асырады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына дайындығын үйлестіреді;

      2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың экономика салаларынан жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау тәртібін әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытындағы әскери-көліктік міндет туралы тәртіпті әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.

      8-2-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының халқын хабардар етуге қатысады.";

      7) 9-бапта:

      1-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге олардың орындалуына бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімділігі қамтылатын шарттар (келісімшарттар) жасасады;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) халық арасында жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      11-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына аумақты дайындауды жүзеге асырады;";

      2-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге олардың орындалуына бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімділігі қамтылатын шарттар (келісімшарттар) жасасады;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) халық арасында жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      9-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына аумақты дайындауды жүзеге асырады;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) халық арасында жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      5-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына аумақты дайындауды жүзеге асырады;";

      8) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау

      19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау

      Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіні (объектіні) тексеру және оған бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында:

      1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық атқарушы мемлекеттік органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға;

      3) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына қатысты жүзеге асырылады.

      Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:

      1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық атқарушы мемлекеттік органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға;

      3) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына қатысты жүргізеді.

      Бақылау объектісі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру іс-шараларының орындалуы жөніндегі ақпарат болып табылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалмауына жол бермеу болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын жұмылдыру дайындығы іс-шараларының орындалуы туралы есептерді талдау жолымен жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақпараттық хат (хабарлама) жібереді.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат (хабарлама) алған бақылау субъектісі оны тапсырған күннен кейінгі келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

      Ақпараттық хатта (хабарламада) көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ақпараттық хат (хабарлама) тапсырылған немесе алынған күннен кейінгі келесі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне қосу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиі жүргізілмейді.".

      5. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16,56-құжат; № 11, 47-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 49) тармақшамен толықтырылсын:

      "49) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары – іске асырылуы мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мерзімдер бойынша келісілген және ресурстармен қамтамасыз етілген әскери, құқықтық, саяси, экономикалық және өзге де шараларды тұжырымдау үшін әзірленетін өзара байланысты құжаттар жинақталымы.";

      2) 5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекiтедi;";

      3) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс іс-шараларына саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;";

      4) 9-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарын әзірлеуге, аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;".

      6. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      15-баптың 1-тармағында:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруды, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының экономикасын жұмылдыра дайындау бойынша үйлестіруді және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын айқындауды, ішкі және сыртқы сауданы реттеу мен дамытуды жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада белгіленген құзырет шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;";

      мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

      "31) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган – жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-баптың 44) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 12-баптың 1-тармағында:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсынады;";

      3) 19-баптың 9-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын қоспағанда, тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті деңгейдегі Азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізуге;";

      4) 93-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің өлшемшарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу тәртібінде айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың атауы мен сақтау көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары номенклатурасында және сақтау көлемдерінде айқындалады.";

      5) 94-бапта:

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері материалдық құндылықтарды номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын шарт негiзiнде жаңартуды жүзеге асырады.

      10-2. Жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      Жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу тәртібінде айқындалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражаттар шарт толық орындалғаны туралы растауды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне алуға жатады.";

      6) мынадай мазмұндағы 96-1-баппен толықтырылсын:

      "96-1 бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын қою, сақтау және шығару ерекшеліктері

      1. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоюға, сақтауға және шығаруға осы бапта белгіленген ерекшеліктермен осы заңның ережелері қолданылады.

      2. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын қою, сақтау және жаңарту және номенклатурасы өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртiбiмен оларды шығару бойынша қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

      3. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоюды, сақтауды және жаңарту және номенклатурасы өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртiбiмен оларды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоюдың, сақтаудың және шығарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу тәртібімен айқындалады.";

      7) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу

      1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары сапалық жай-күйі және техникалық регламент талаптары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу кезінде және табиғи кему нормалары шегіндегі жетіспеушіліктер кезінде есептен шығарылады.".

      2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады